Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме? Еңбек министрлігінде жауап берді

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жаста, әйелдер үшін қазіргі уақытта – 59,5 жаста басталады.

Сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражаты бар ҚР азаматтары зейнетақы аннуитеті құқығын (зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін зейнеткерлікке шығу) пайдалана алады.

Зейнетақы аннуитеті ерлер үшін – 55 жас, әйелдер үшін – 51,5 жас мөлшерінде белгіленген. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда әйелдердің зейнеткерлік жасын 2018 жылдан 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде, 6 ай сайын арттыру көзделген.

Әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру ынтымақты зейнетақы жүйесінің біртіндеп «тоқтатылуына» байланысты (ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ғана есепке алынады, сондықтан оның мөлшері жылдан жылға азаяды). Осыған орай әйелдерге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін және жинақталған зейнетақы қаражатының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беріледі. Бұл болашақта оларға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін жоғары мөлшерде алуға мүмкіндік береді, оның мөлшері 2018 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

Сонымен бірге, зейнеткерлік жастың ұлғаюы қазіргі уақытта зейнетақыны ерте алуға құқығы бар әйелдерге әсер етпейді:

– 5 немесе одан да көп бала туып (асырап алып), оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер - 53 жаста;

– Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 5 жыл өмір сүрген әйелдер - 45 жаста.

Әйелдер үшін жұмыс істемейтін ананың балаларына күтім жасаған уақытын,  бірақ әр бала 3 жасқа толғанға дейін, барлығы 12 жыл шамасындағы уақытын зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есепке алу бойынша жеңілдік сақталды.

"Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - деді еңбек министрлігінде.

Талқылау
Пікір
Магжан
09 Қаң, 21 жыл - 22:41

зинетақыны 62 жастан қылыу керек немене ол жоғардағылар өздерінен жұмысынан аирлп қалмас үшін 65 жас деп отыр сол 63 жасқа деиін жегендері жетпеиме тағы қосымша 2 жыл жеу керекпа осынша жыл жегендері жетер енді халыққа көмек қолдарын созбаима жеи бергенше ресеи мемлекетінен қорқып министірлер үн шығармаиды олар есе алматы қаласын алып қоимақшы ал жемқорлар есе зинетақыны 65 жасқа ұзартумен милары ашып жатыр Өзбекстанды алатын болсақ олардың халқы 39 миллион оларда есе зинет ақы 50 жастан басталады олардан қарағанда жағдаиымыз өте жақсы ғои неге олай министірлер төмен оилаиды шындықты беттеріне аитсақ үитіп бүитіп босын аузымызды жауып тастаиды егерде менің жазғандарымды жоғарыдағы біреу міреулер оқып жатса сол адамда оиланатын шығар сәлде босын бірақ менікімен шаруасыда жоқ шығар оқып қоиса касякта болатын шығар ол жағын бір Аллаға сенемін