Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда үй кезегінде тұрған мүгедек жандар баспана ала алмай қайтыс болып жатыр

Қазақстандағы мүгедектігі бар азаматтардың 70 пайызында үй жоқ. Жылдап кезекте тұратындардың ішінде өмірінің соңына дейін баспана алмай кететіндер де бар екен. Бірақ үкімет бұл топтағы азаматтарға мемлекеттік бағдарламаға қатысуға мүмкіндік берген. Алайда 30-40 мың жәрдемақыға қарап отырған мүмкіндігі шектеулі адамдардың ипотекалық несие рәсімдеуге қаражаты жетпейді. "Қазақстанда құқығымыз әбден тапталып бітті" деген топ енді үкіметке өздерінің құқықтарын қорғайтын омбудсмен тағайындау керек деген талап қойды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

мүгедек Маржан Абдуллина 2007 жылы мүгедектігі бар баласын тұрғын үй кезегіне қойған. Алайда 14 жылдан асса да әлі күнге дейін жергілікті әкімдік баспана бермеген. Өзі құқығы тапталып жатса да ол жолдасымен бірге қоғамдық қор құрып, мүмкіндігі шектелгендерге қол ұшын беруде. 

“Мемлекет тұрғын үйге қол жеткізетін түрлі бағдарламалар ұсынып отыр, бірақ олардың өзі соңына дейін ойластырылмаған. Біз "Бақытты отбасы" арқылы баспана алмақ едік, оған айлық табыс 200 мың болу керек деген талап бар. Мүгедектігі барларға ай сайын санатына қарай 30-40 мың теңгеден астам жәрдемақы береді. Ол қайда жетеді? Бұл топтағы адамдар ішерге ас таппай отыр”, – деді “Наследие” қоғамдық қорының директоры Маржан Абдуллина. 

Осылайша осал топты баспанамен қамтамасыз ете алмай отырғандарға белсенділер ұсыныс айтты.

“Біз баспана мәселесін тұрғын үй төлемі арқылы шешуді ұсынып отырмыз. Дамыған елдер мұқтаж азаматтарға тек үй беріп емес, төлем арқылы да көмектеседі. Ал бізде мұндай ақша полицейлер мен әскерилерге беріледі”, – деді белсенді Болатбек Біләлов.

“Отбасында ауру баласына қарап отырған анасы, әжесі, ағасына тек қана жәрдемақы емес, одан бөлек жұмыс өтілін заң жүзінде енгізуіңізді өтінемін. Өйткені зейнетке шыққан кезде зейнетақы қарастырылмаған”, – деді құқық қорғаушы Ғазиза Әмірбек.

Жиналғандар мүмкіндігі шектелгендердің жыл сайын аурухана аралап мүгедектігін дәлелдеуін де тоқтату керек дейді. Денсаулығы қайтып қалпына келмейтіндер үшін бұл қағазбастылықтың еш қажеті жоқ. Ал мүгедектігі барлардың мәселесін шешпек түгілі кездесуге де шықпайтын министр Серік Шәпкеновты жұмыстан босату керек деген талап айтты.

Талқылау