Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті
Қазақстанда 2021 жылғы ақпанда тұрғын үй бағасы өсуін жалғастырды. Оған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық статистика бюросының деректері дәлел, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бір айда (2021 жылғы қаңтар-ақпан) абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы 3,1%-ға, жаңасын сату - 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 1,6%-ға қымбаттады", - делінген хабарламада.
Республика бойынша шаршы метрдің орташа бағасы 322 968 теңгені құрады. Ақпан айына қарай өсім 7,7% құрады.
Абаттандырылған тұрғын үйде орташа шаршы метр 252 358 теңге тұрады. Бағаның өсуі - 19,1%.
Тұрғын үйді жалға алу кезінде шаршы метр орташа есеппен 1 714 теңгеге бағаланып, 10,7% өсім байқалады.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”