Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады
Елімізде бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары – 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% өсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда 29,3% артты.
Өңірлер бойынша қарастырар болсақ, алғашқы нарықта жылдық мәнде:
- Ақтөбе қаласында – 25,4%;
- Ақтау қаласында 24,3% қымбаттады.
Қайталама нарықта баға өсімінің көшбасшылары:
- Қызылорда қаласы (37,8%);
- Ақтау қаласы (32,6%);
- Семей қаласы (31,6%);
- Қостанай қаласы (29,2%);
- Өскемен қаласы (24,7%).
Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында:
- Көкшетау қаласы (51,1%);
- Петропавл қаласы (48%);
- Алматы қаласы (45,4%);
- Қостанай қаласы (45%).
Бір айдың ішінде (2023 жылғы наурыз 2023 жылғы ақпанға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”