Қазақстанда темекі тағы қымбаттайды
Қаржы министрінің "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрығына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оған сәйкес, темекі бағасы тағы өседі. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Фильтрлі, фильтрсіз сигареттер, папиростар, сигариллалар және қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың ең төмен бөлшек сауда бағасы:
2022 жылғы 1 сәуірден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін – 590 теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 630 теңге болып белгіленеді.
Қоғамдық талқылау 18 наурызға дейін созылады.
Бұған дейін фильтрлі, фильтрсіз 20 темекі мен папиростардың ең төмен бағасы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейін 550 теңге болатыны хабарланған еді.
Талқылау

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жауап береді

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
Қазір ол Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияның бас директоры қызметін атқарады