Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда студенттерге жоғары білім алу үшін он жылға дейін пайызсыз несие берілмек

Жоғары білім алу үшін берілетін пайызсыз несие беру бағдарламасы жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

универ

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше,  АҚШ-та ЖОО ақысын төлеу үшін пайызсыз несие беріледі. Қазір екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу механизмін қарастырылып жатыр. Заң жобасы осыдан кейін дайындалады. Бұл еліміздегі жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін енгізілгелі отыр. Ол үшін негізгі үш талапты орындау керек.



“Сараланған яғни, дифференциалды грант иегері болуы керек. Келесі талап – тұрақты табыс көзі бар, кемінде еңбекке қабілетті азаматына кепілдік берген үміткерге беріледі. Бұл шарт жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар санатына жататын қарыз алушыларға қолданылмайды. Үшінші талап – екінші деңгейлі білім беру депозиті, яғни “Ақыл” депозиті болуға тиіс”, – деді ғылым және жоғары білім министрлігі "Қаржы орталығы" АҚ маманы Диана Саметова.

Талқылау