AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда студенттерге шәкіртақы тағайындау жүйесі өзгереді

Қазақстанда студенттерге стипендия беру тәртібі өзгереді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппараттық кеңесте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық студенттер мен магистранттарға шәкіртақыны көбейтті

Енді студенттердің, магистранттардың, докторанттардың  стипендиялары тікелей білім алушылардың карталық шоттарына түсетін болады.

Соңғы 30 жылда білім алушылардың шәкіртақысы жоғары оқу орындарына аударылатын жүйе болды, содан кейін жоғары оқу орындары студенттердің үлгеріміне қарап, стипендия тағайындалатын. Біз мұнда көптеген тәуекел барын көреміз. Бізге осы қауіп-қатерлі жою қажет, - деді Асхат Аймағамбетов.

Мұндай төлем жүйесі пилоттық режимде үш ЖОО-да жұмыс істейді, тағы 21 ЖОО-мен шарт жасалды. 2021 жылдың шілдесінің соңына дейін уақытша жоба аяқталады.

Бұл жүйе грант алушы студенттердің оқу ақысын төлеу кезінде де қолданылатын болады.

Заңда грант дегеніміз - студент алатын қаражаттың мақсатты сомасы деп жазылған. Бұл қаражат университетке аударылған кезде, студент мемлекет оған ақы төлеп жатқанын, ол тегін оқып жатқанын сезінбейді. Қазір біз қаражат студенттің эскроу-шотына түсуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ студент бұл қаражатты университеттегі оқу ақысын төлеуден басқа мақсатта пайдалана алмайды, - деп түсіндірді БҒМ басшысы.

Жаңа жүйе мемлекет жыл сайын бөлетін ақша қаражатына қатысты ашықтықты қамтамасыз етеді, деп есептейді министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр