Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды

Қазақстанда мәжіліс депутаттары сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Alt

Орталық сайлау комиссиясы Конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен, яғни 10 желтоқсан жергілікті уақытымен 00.00-де басталып, сайлау күнінен бір күн бұрын, 9 қаңтарда 18.00-ден бастап 00.00-ге дейін  аяқталады деп хабарланды. 

Мәжіліс депутаттары сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары да осы заңға сәйкес өтеді.

Дауыс беру сайлау учаскелерінде сайлау күні жергілікті уақытпен 07.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы ҚХА кеңесіне тиесілі. Үміткерлерді ұсыну бір ай бұрын - 11 желтоқсанда басталады және сайлауға 21 күн қалғанда, яғни осы жылдың 22 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгешеліктер белгіленбесе, 20 күн бұрын - 22 желтоқсанда басталады және сайлауға 15 күн қалғанда - 27 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталады.

Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен мәслихат сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.

Парламенттің төменгі палатасындағы орындар үшін алдағы сайлауда бес партиядан кандидаттар таласады:

Nur Otan партисы
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы 
Қазақстан Халық партиясы (экс-коммунистер);
"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы
"Адал" саяси партиясы

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр