Қазақстанда сәбіз бен картоптың бағасы арзандады
Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев елімізде соңғы екі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,5 пайызға төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр нақты қай өнімдердің бағасы тұрақталғанын айтып берді.
"Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,9 пайызға өсті. Ішкі нарықта отандық өнімдердің көбеюі есебінен соңғы екі аптада бағалар 0,5 пайызға төмендеді. Атап айтқанда, ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп бағасы 34 пайызға немесе 71 теңгеге, ал сәбіз 41 пайызға немесе 122 теңгеге төмендеді. Сонымен қатар соңғы апталарда қырыққабат 0,4 пайызға, пияз 0,1 пайызға арзандады", – деді Е.Қазанбаев.
Ержан Қазанбаев Түркістан облысында, Қызылорда облысында және Қостанай облысында азық-түлік бағасы қатты қымбаттағанын жеткізді. Ең төменгі өсім 9,5% Алматы қаласында, 9,6% –Алматы облысында және 9,7% Қарағанды облысында белгіленді.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"