Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда президенттің “сенімін жоғалтқан” басшылар мемлекеттік қызметтен шеттетіледі 

Қазақстанда президенттің сенімін жоғалтқан басшыларға жаңа ереже енгізілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан президенті 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің қысқаратынын айтты

Сенатта “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы қабылданды. Жаңа өзгерісте президент сенімін жоғалтатын басшылар мемлекеттік қызметтен 3 жылға шеттетіледі. 

“Сенімін жоғалту" институты - президент тағайындаған жағдайда сол адам өзінің жүктелген міндеттерін тиісінше атқармаған немесе орындамаған жағдайда президент оған "сенімді ақтай алмады" деп оны орнына алып тастауға құқылы", - деді Дархан Жазықбаев сенат отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Мемлекеттік қызмет заңына “сенім жоғалтты” деген тәртіп бірінші рет енгізіліп отыр.

“Бұл отставка емес. Президент сенімін жоғалтқан адам үш жылға дейін мемлекеттік қызметке қайта келмейді. Сондықтан біз осындай нақты норманы кіргізіп отыр”, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.

Талқылау