Қазақстанда пойыз билеттері қанша қымбаттайды – Темір жол комитеті жауап берді
Биыл көктемде елімізде билеттер қанша қымбаттайтынын Темір жол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, 1 наурыздан бастап билет бағасы өседі.
"1 наурыздан бастап инфляция деңгейіне индекстеу аясында жолаушылар тасымалы бір жолға 7 пайыз өседі. Биыл бұдан артық өсім болмайды", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде 1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20% көтерілетіні айтылған еді.