Қазақстанда пилотсыз көлікті тәжірибеден өткізу жоспарланып отыр
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Қазақстанда электромобильдер мен дрондар нарығын дамыту жөніндегі бағдарлама әзірленетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкіметтің отырысында министр Жаслан Мәдиев жүргізушісіз көлікті іске қосу тәжірибесі қаралып жатырғанын алға тартты.
"Пилотсыз көлік үшін реттеуші құмсалғышты іске қосу көзделген. Оның шеңберінде НҚА қабылданады. Технологияларды (Waymo (Google), Tesla, Baidu, Mobileye, Yandex, Huawei) халықаралық әріптестермен бірлесіп тестілеу үшін алаңдар таңдалады", – деді ол.
Министр автономды көліктерге арналған компоненттерді зерттеу инфрақұрылымға және өндіруге шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Айтуынша, мәселен, БАӘ-де реттеуші құмсалғыш WeRide және Cruise компанияларына Дубайда пилотсыз таксилерді сынауға мүмкіндік берген. Бұл жергілікті көліктерді цифрландыруды жеделдетті.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған