Қазақстанда нан бағасы өсе ме – Ауыл шаруашылығы министрі жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда нан бағасының көтерілуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тілшілер сауалына жауап берген министр әзірге ұн мен нан өнімдерінің қымбаттауына алғышарттардың жоқ екенін мәлімдеді.
"Нан бағасы екінші жыл қатарынан арзандап келеді. Әрине, бидай құны белгілі бір қиындықтар туғызып жатыр. Дегенмен қазіргі уақытта біз бидай бағасын тұрақтандыру үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. 15 қыркүйекке дейін азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алу бағасын жариялап қалуы мүмкін", - деді Е. Қарашөкеев.
Министр ұн мен нан өнімдерінің бағасын көтеруге негіз жоқ екенін тағы бір қадап айтты.
“Тұтынушылар тұрғысынан алғанда, жағдай тұрақты болып тұр", - деді ол.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып