Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мейрамхана даяшылары әйнек қалқан тағып жүруі тиіс: Кәсіпкерлер бас санитар дәрігердің қаулысына қарсы шығуда

Еліміздің бас санитар дәрігері даяшыларды бетперде тағумен қоса енді қорғаныш әйнекті қалқанмен жүруге міндеттеді. Десек те бұл шешім мейрамхана басшыларына ұнамаған секілді. "Әйнекті қалқан тұрмақ, қарапайым бетпердені үнемі тағып жүру денсаулыққа зиян" деген олар бұл ережелер даяшылардың көңіл-күйіне әсер етеінін айтуда. Жаңа ереженің қалай жүзеге асады?  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

даяшы

Коронавирус пандемиясынан кейін зардап шеккен бизнес бағыттардың бірі осы мейрамханалар еді. Рестораторлар ісі құрдымға кетіп бара жатқанын түсінген билік карантиндік шараларды жеңілдетіп, кафе, мейрамхана, асхана, бар мен кофе ішетін орындарды ашты. Қазіргі кезде тек аспан астында тамақтануға рұқсат берілгені тағы бар. Шектеулердің барлығына шыдап келген кәсіпкерлерге бас санитар дәрігердің жаңа шешімі жақпаған секілді. 

Бұған дейін тек медициналық бетперде тағып жүргендерге енді әйнекті қалқан кию міндеттелгені - миға қонымсыз дүние, дейді мерамхана башслыары. 

"Түрлі келеңсіздіктер болып тұрады. Бірде даяшы тапсырыс алып жатқанда, бетіндегі әйнекті қалқанның бекітпесі қонақтың тамағына түсіп кетті. Әрине, мейман ашуланды, дереу тамағын ауыстырып бердік. Жалпы әйнек қалқанның қолайсыздығына қатысты мысалдар жетіп артылады", - дейді мейрамхана иесі Дастан Дәулет.  

Пандемияға байланысты біресе ашылып, біресе жабылып жатқан тамақтану орындары енсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын орындамасқа амалы жоқ. Десек те ыстық күні маска тағып, қонақтарды күтуге мәжбүр болған даяшылар енді қалқан ұстап жүруі тиіс дегені кәсіпкерлердің қытығына тиген секілді. 

"Өте ыңғайсыз. Әріптестерім мейрамхана ішінде жұмыс істегенде әйнекті қалқан терлеп, кедергі келтіреді. Әйнегі терлеген соң, көру мүмкін болмайды. Даяшылар соның салдарынан ыстық тамақты төгіп алып, түрлі кикілжің болады. Бұл мейрамхананың абыройына нұқсан келтіреді. Кәсіпкерлерді Қазақстанның рестораторлар қауымдастығы да қолдап отыр", - дейді мейрамхана басшысы Нұрғали  Исаев.

"Меніңше, әйнекті қалқандар коронавирустан еш қорғай алмайды. Қауіпті вирустан қолапайсыз құрал қалай сақтайды? Нақты дәлелденген түсініктемесі де жоқ", - дейді ҚР Рестораторлар қауымдастығының президенті Гүлнар Қатыбаева. 

Денсаулық сақтау министрлігі бас санитар дәрігердің жарлығы міндетті түрде орындалуы тиіс құжат екенін мәлім етті. 

"Мемлекеттік бас санитар қаулысына сәйкес, 26 маусымнан бастап кез келген қоғамға қызмет көрсету ортасында жүрген жұмыскерлер міндетті түрде бетперде, қолына қолғап киюі керек. Және бетті қорғайтын экранды қолдануы керек. Ол даяшыларға қатысты", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов. 

Міндеттелген талапты елеп-ескермейтіндерге айыппұл салынады. Кәсіпкерлерге ол қомақты – 600 мыңнан астам теңге.

Талқылау