Қазақстанда локдаун енгізіледі: Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстандықтар алдағы локдаун туралы ақпаратпен бөлісуде. Желі қолданушыларының айтуынша, Қазақстан КВИ таралу қарқыны бойынша қайтадан "қызыл" аймақта, сондықтан қалалар арасындағы қозғалысқа тыйым салынды. Бірақ бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Олар сауда орталықтарының, дәмханалардың, барлардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктердің дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты.
“Ел аумағында локдаун енгізілмейді. Қалалар арасындағы ұшулар мен жерүсті қалааралық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Блокпосттар қойылмаған”, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі