Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2700-ден асты
Елде коронавирус жұқтырған тағы 24 адам тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұқтырудың жаңа жағдайлары Қызылорда облысында - 2, Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Қарағанды облысында - 7, Түркістан облысында - 1, Атырау облысында - 1, Алматы қаласында - 1, Ақтөбе облысында - 2 анықталды.
Жалпы, республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 2717 болды, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 498 адам,
Алматы қаласында – 847,
Шымкент қаласында – 167,
Ақмола облысында – 93,
Ақтөбе облысында – 57,
Алматы облысында – 97,
Атырау облысында – 119,
Шығыс Қазақстан облысында – 16,
Жамбыл облысында – 104,
Батыс Қазақстан облысында – 116,
Қарағанды облысында – 120,
Қостанай облысында – 43,
Қызылорда облысында – 179,
Маңғыстау облысында – 27,
Павлодар облысында – 95,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?