Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 8 адам көз жұмды
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 139 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оған қоса, пневмониямен ауырған 2 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 27 762, 314 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 959 жетті.
Ал коронавирустан бір тәулікте 7 адамның көз жұмғаны анықталды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 073 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 30 жасөспірім бала бар. Стационарларда 2 863 науқас жатыр. 2 210 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 140 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде,18 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды