Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман мұқышев мемлекеттің көпбалалы аналарға арналған төлемді жақсартуға ниеттеніп отырғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда 4 баладан асатын, 7 балаға дейін және одан көп баласы бар отбасыларға әлеуметтік төлем тағайындалады. Яғни 4 бала үшін – 16 АЕК, Кейін 7-ші балаға дейін 4 АЕК-тен тағайындалады. 8, 9, 10 балаға – 28 АЕК-тен. Бұл қазіргі заңнама бойынша жүзеге асады. Мәжіліс депуттары ұсынған өзгеріске сәйкес, 8-баладан бастап қосымша 4 АЕК тағайындалады», - деді Нариман Мұқышев кулуарда.
Оның айтуынша, өзгеріс мақұлданған жағдайда төленетін төлем балалар санына қарай шектелмейді.
«Бүгінгі таңда базада отбасыдағы ең көп бала саны – 15. Яғни осы баланың әрқайсысына 4 АЕК-тен тағайындалатын болады», - деп түсіндірді вице-министр.
12 баланың анасы неліктен жаңа жәрдемақыға көңілі толмайтынын айтты
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?