Қазақстанда қоқыс шығару тарифі әр үш жыл сайын көтерілмек

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда қоқыс шығару тарифі әр үш жыл сайын көтерілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Экология министрлігінің мәліметінше, елімізде қалдықтарды қайта өңдеу саласы әлі де тиімсіз. Себебі қазіргі тарифтер шығынды толық жаппайды. Ал көптеген кәсіпорындар үшін қоқысты өңдегеннен гөрі айыппұл төлеу арзанырақ болып отыр.
Әрі қалдықтардың нақты көлемі мен түрлері туралы деректердің тапшылығы да бұл салаға инвестиция тарту мәселесін қиындатып тұр.
Сондықтан тариф бағасын көтеруден басқа, утильалым есебінен полигон салу, бизнеске салықтық жеңілдіктер мен субсидия беру ұсынылды.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда қытайлық инвесторлар 293 миллиард теңгеге үш қоқыс өртейтін зауыт салатыны туралы жазғанбыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады