Қазақстанда кімдерге несие беруге тыйым салынатыны айтылды
Парламент депутаттары несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева заң жобасын мәжілістің жалпы отырысында таныстырды:
- Кредит төлеу мерзімі өтіп кеткенде азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салу;
- 90 күн өткеннен кейін барлық кредит бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу;
- банктердің және МҚҰ-ның коллекторлық агенттіктерге азаматтардың кредитін сатуына шектеу;
- коллекторлық агенттіктердің сатып алған берешекті реттеуді жүргізу міндетін енгізу;
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі НҚА сәйкес тұтынушылық қарыздың мерзімі, сомасы және өзге де шарттары бойынша шектеулер белгілеу;
- кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу.
- банктерге өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне (қарыз алушыға) жалға беруге мүмкіндік беру;
- төлем талабын қойған кезде банктік шотта кемінде 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ақшаны сақтау;
- кредит алудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда азаматтардың кредиті бойынша борышты есептен шығару.
"Сонымен қатар заң жобасында өзгерістер енгізуді көздейтін нормалар бар. Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс: "Жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті белгілеуге қатысты". Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы 2023 жылғы 12 қарашада алынды", – деді депутат.
Депутат бұл заң жобасына үкіметтің қорытынды дайындап қойғанын және енгізілген жаңалықтардың көпшілігімен келіскенін де қосты.
"Бірақ кейбір тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша, атап айтқанда коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша Үкімет депутаттар келіспейтін және жұмыс топтарында осы норманы енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыратын балама ұстаным ұсынды", – деді ол.
Қаржы және бюджет комитеті бұл заң жобасын қарап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.