Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кең таралған печеньенің бірінде ГМО анықталды

Қазақстан құрамында ГМО табылған танымал қытайлық Butter Cookies Danish Pride печенье партиясының бірін сатуды шектеді. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сандық зерттеу әдісінің (ПТР-әдіс) нәтижелері бойынша 47,75 пайыз мөлшерінде GTS 40-3-2 соясының гендік түрлендірілген желілері бар Butter Cookies Danish Pride печеньесінде ГМО бар екені расталды. Бұл ретте тұтыну қаптамасында ГМО туралы ақпарат жоқ", - деп хабарлады комитеттен.

Қазір жеткізушіні тексеру және печенье партиясын сатылымнан шығару бойынша іс-шаралар жүріп жатыр, дейді ведомство.

Тоғыз ай ішінде өнімнің қауіпсіздігін бақылау аясында ГМО құрамына Ресей, Қазақстан, Қытай, Корея, Беларусь, Түркия, Таиланд, Украина, Польша, Вьетнам, Чехия, Германия, Молдова өндірген тамақ өнімдерінің 197 үлгісі зерттелді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ГМО-ға байланысты корей кеспесін әкелуге тыйым салған болатын.

"Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9 пайыздан аспайды. Белгіленген талаптарға, оның ішінде халықаралық тамақ стандарттарына сәйкес құрамында 0,9 пайыздан астам ГМО бар тамақ өнімдері міндетті түрде таңбалануға жатады. Бұл өнім мониторинг жүргізу барысында анықталды. Бүгінгі таңда сауда желісіндегі сәйкес емес өнімді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Талқылау