Қазақстанда карантиндік шектеулер күшейтілмек
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия "қызыл аймақтағы" өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Комиссия шешіміне сәйкес мына жұмыстар тоқтатылды:
- "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;
- Жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.
- Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынсын: қоғамдық көліктің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың.
Мына нысандардың жұмысына шектеу қойылды:
Сағат 20:00-ге дейін "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің;
Сағат 18:00-ге дейін "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан, ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің;
"Ashyq" жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарының, фудкорттардың жұмысы – сағат 20:00-ге дейін, "Ashyq" жүйесіне қатыспайтындардың жұмысы – сағат 18:00-ге дейін.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады