Қазақстанда "қара археологтарға" арналған металл іздегіштерге тыйым салынады
Фото: freepik.com
Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасында "қара археологтарға" арналған металл іздегіштерге тыйым салу мәселесі қарастырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заң жобасын таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов бұзушылықтар үшін айыппұлдар мен тіпті 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын айтты.
Құжат депутаттардың бастамасымен дайындалған және оның басты жаңалығы — республикадағы археологиялық жұмыстар жөнінде бірыңғай ақпараттық жүйе құру, сондай-ақ археологиялық олжалар мен материалдардың депозитарийін қалыптастыру болмақ.
Енді реставрация және археологиялық жұмыстармен айналысқысы келетіндер әрбір жұмыс түріне 5 жыл мерзімге берілетін лицензия алуы тиіс. Ал археологиялық қазба аяқталғаннан кейін жер учаскелері міндетті түрде қалпына келтірілуі қажет.
Айта кетейік, бұған дейін археология мен реставрацияға лицензиялар бөлек-бөлек берілетіні хабарланды.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған