Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы уақытта қандай автожолдар ақылы болады

Көлік министрі Марат Қарабаев брифингте қазақстандық жолдардың қайсысы ақылы болатынын және жол жүру үшін алынатын қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Марат Қарабаевтың айтуынша, республикалық трассалардың үш учаскесі ақылы болады.

"Біз Қарағанды-Алматы жолын аяқтадық. Бұл учаскеде ақылы төлемдер біртіндеп енгізіледі. Биыл аяқталатын Күрті-Қонаев жолы да ақылы болады. Сондай-ақ Қызылорда-Орал жолын да аяқтаймыз. Оған кәсіппен айналысатын жүк машиналары үшін ақылы төлемдер енгізіледі", – деді Қарабаев.

Сонымен қатар министр ақылы жолдармен жүру үшін алынатын ақша негізінен республикалық жолдарды күтіп ұстауға жұмсалатынын алға тартты.

"2024 жылы 48 миллиард теңге түсті. Бұл ақшаның бір бөлігі республикалық жолдарды ұстауға жұмсалады. Жыл сайын 25 мың шақырым жолға 80 миллиард теңге қаражат қажет болады. Сондықтан бұл сома жеткіліксіз", – деді министр.

Ол ақылы жолдардан түсетін түсімдердің екінші бағыты техника сатып алуға кететінін атап өтті.

"2023, 2024 жылдары жолдарды ұстауға арналған техника саны 525 бірлікке ұлғайды. Биыл тағы 470 бірлік алу жоспарланып отыр. Қазір қаражаттың бір бөлігін, оның ішінде жол құрылысына алынған қарыздар бойынша кредит мөлшерлемесін өтеуге бағыттау мәселесі пысықталып жатыр", – деді Марат Қарабаев.



Қазір бүкіл ел бойынша ұзындығы 3200 шақырым болатын ақылы жол жүйесі жұмыс істейді. Олар: 

  • Астана-Щучинск (211 километр),
  • Астана-Теміртау (134 километр),
  • Алматы-Қонаев (42 километр),
  • Алматы-Қорғас (295 километр),
  • Астана-Павлодар (375 километр),
  • Қонаев-Талдықорған (186 шақырым),
  • Тараз-Қайнар (238 шақырым),
  • Шымкент-Қызылорда (447 километр),
  • Шымкент-Тараз (90 километр),
  • Шымкент-Ташкент (84 километр),
  • Щучинск-Көкшетау (61 километр),
  • Павлодар-Қалбатау (453 километр),
  • Бейнеу-Ақжігіт (85 километр),
  • Орал-Самара (56 шақырым),
  • Павлодар-Омбы (198 километр),
  • Көкшетау-Петропавл (169 километр),
  • Орал-Саратов (99 километр),
  • Қызылорда-Арал (455 шақырым) жолдары.

Еске салсақ, бұған дейін 2025 жылы елімізде ақылы жолдардың бағасы өсетінін хабарлаған едік.

Талқылау