Қазақстанда етті ең көп тұтынатын өңірлер белгілі болды
Қазақстанда ет өнімдерін көп тұтынатын өңірлер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну кестесін жариялады. Үй шаруашылығының тұтыну шығындарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығындардың ең көп бөлігі ет пен ет өнімдеріне – 17%, нан мен жарма өнімдеріне – 7,8%, сүт өнімдеріне 5,4% жұмсалады.
Ет және ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары көрсеткіші Жетісу, Атырау, Ақмола облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалған.
Өңірлер бойынша нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көбірек тұтынады – жан басына шаққанда 44,1 кг (тоқсанына), ең азы – Астана тұрғындарында, жан басына шаққанда 23,6 кг. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың ІІІ тоқсанында қазақстандықтар ет және ет өнімдерін – 0,7келіге, сүт және сүт өнімдерін 1,2 келіге көбірек тұтынған.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
