Қазақстанда ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады
25 қыркүйектен бастап eGov Mobile қосымшасында ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімін бейнеқоңырау арқылы алу қызметі іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, аталған қызмет ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімін рәсімдеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар мәліметтердің құпиялығы мен қауіпсіздігі озық технологиялармен қорғалады.
"Онлайн рәсімдеудің артықшылығы нотариусқа баруға кететін уақыт пен шығындарды үнімдеуде. Қызметті кез келген уақытта алуға болады", – деді Молдабеков.
Қызметті алу үшін:
- eGov Mobile қосымшасында тіркелу керек;
- Өтініш формасын толтырып, биометриялық тексерістен өту қажет;
- Бейнеқоңырау арқылы келісімді рәсімдейді;
- Нотариус қызметі үшін ақы төлеу;
- Құжат "Цифрлық құжаттар" сервисінде қол жетімді болады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған