Қазақстанда енді үйірмелерге білім беру органдарына тіркелу міндеттелмек
Қазақстанда енді үйірмелер мен секциялар білім беру органдарында тіркелуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Мәжілістің бірінші отырысында жаңа заң жобасы талқыланды. Енді білім беру және бала құқықтарын қорғау туралы заң жобасына қосымша білім беру ұйымдарын хабардар ету тәртібі енгізіледі.
Қосымша білім беру ұйымдарының құрылтайшылары, даму орталықтары, клубтар, секциялар рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес, өз қызметінің басталуы немесе тоқтатылуын хабардар етуі тиіс. Оны білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық басқармаларға айту міндетті болады.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"