Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді тұрғын үйді сатып алу туралы алдын ала келісімшарт жасаған компанияға айыппұл салынады

Қазақстанда баспана сатып алуға байланысты алдын ала келісімдерге тыйым салынбақ. Мұны индустрия министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жасап хабарлайды.  

Қазір құрылыс компаниялары қолданыстағы "тұрғын үй құрылысына үлескер ретінде қатысу туралы" заңды айналып өтіп, нотариалдық куәландырусыз және әділет органдарында тіркелмей-ақ адамдармен келісімшарт жасауды шығарған. Яғни брондау, инвестициялау, тапсыру келісімдерін жасайды. Осыған байланысты жаңа проблемалық нысандар пайда болу қаупі бар.

Бүгінде Қазақстанда баспана сатып алу үшін алдын ала құжаттарға қол қойып, жосықсыз құрылыс салушыларға алданып қалған 6,8 мыңға жуық жылжымайтын мүлік инвесторы бар. Осы себепті индустрия министрлігі осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейту үшін түзетулер әзірледі. Олардың қатарына салынып жатқан көпқабатты үйлерде алдын ала келісімдер жасасуға тыйым салу да енгізілген.



Сонымен қатар ғимарат құрылысын одан әрі тоқтата отырып, үлескерлерден заңсыз ақша жинағаны үшін салынатын айыппұлды 300 АЕК-тен (919 мың теңге) 2 мың АЕК-ке (2 миллион теңгеге) дейін арттыру жоспарланып отыр. Рұқсат болмаса, үлескерлердің ақшасын тарту үшін жарнама беруге тыйым салынады.

Жоғарыда аталған заңды реттеу аясында "аз қабатты құрылыс" ұғымы енеді. 

Талқылау