Қазақстанда енді баспананы міндетті сақтандыру енгізілмек
Елімізде баспананы апаттан міндетті сақтандыру енгізіледі. Үкімет халықты табиғи апаттан қорғауға бағытталған тиісті заң жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Енді халықты апаттан қорғау бойынша заң жобасын әзірлеумен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айналысады.
Биылғы су тасқынынан кейін ерікті сақтандыру бірден 77% өскен. Үйді сақтандыру бойынша Астана көш бастап тұр. Ал Алматыда бұл көрсеткіш 15%-дан аспайды. Өңірлерде тіпті 1%-ға да жетпейді.
Бұған дейін сенатор Бибігүл Жексенбай халықтың дені сақтандыру тетіктерінен хабарсыз екенін айтып, премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған