Қазақстанда ең жоғары зейнетақының қанша екені белгілі болды
Бірыңғай жинақтаушы қор Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақының көлемін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Қордың мәліметінше, 1 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың жеке және шартты шоттарында шамамен 19 триллион теңге жинақталған. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 3,3 триллион теңгеге немесе 21,1%-ға өскен.
Елімізде тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін кесте бойынша орташа айлық төлем мөлшері 33 858 теңгені құрады. Ай сайынғы зейнетақының ең жоғары сомасы – 945 752 теңгені құраған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 132 мың теңгеден асқаны туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған