Қазақстанда электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салу туралы петиция жарияланды
Петицияларға арналған Еpetition.kz сайтында жаңа петиция пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Жаңа петиция Қазақстанда электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салуды көздейді.
Петиция авторы "кикшерингтік компаниялар қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, полиция жеткілікті бақылауды қамтамасыз ете алмайды, ал сервистерді пайдаланушылар заңға да, жалпы адамгершілік принциптеріне де бағынбайды" деген себеппен электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салуды ұсынды.
Зейнет жасын төмендету, жаңа ипотекалық бағдарлама: Қазақстандықтар 4 жаңа петицияға қол қоя алады
Әзірге петицияға қол қойғандар саны аз. Петицияны көргендер әрбір оныншы адам петициядағы талаптармен келіскен.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда самокат мінген екі қыздың 52 жастағы әйелді қағып кеткені туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған