Қазақстанда демалыс күндері аяз күшейеді
2020 жылғы 26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Демалыс күндері температураның күрт төмендеуі байқалады. Арктикалық суық ауа массаларымен Солтүстік Антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының күрт төмендеуін тудырады.
"Термометр бағандары 35-42 градус аязға жетеді. Аяз күшейіп, елдің басым бөлігінде күннің салқындауына әкеледі. Тек республиканың батыс өңірлеріне 27 желтоқсаннан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қорымен Атлантикалық циклон ауыса бастайды. Ол жауын-шашын, кей жерлерде қатты (көбінесе қар), желдің күшеюі мен жаяу бұрқасын және ауа температурасының - күндізгі уақытта 0-5 градус аязға дейін, кей жерлерде 0-5 жылыға дейін қысқа мерзімді көтерілуін әкеледі. Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста және оңтүстікте көктайғақ күтіледі", - деп хабарлайды синоптиктер.