Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы науқастардың пікірлеріне байланысты төленеді

Денсаулық сақтау министрлігіне дәрігерлердің жалақысын қалай қалыптастырылатыны туралы айтып берді.

12710111

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Елімізде қазақстандық дәрігерлерге жалақыны интернеттегі рейтингке сәйкес төленетін жүйені енгізуді көзеп отыр, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

“Дәрігерлер жұмысының сапасына байланысты еңбекақы алғаны маңызды. Ал бұл сапаны пациенттер анықтайтыны белгілі. Сол үшін адам консультация алу үшін ақпараттық жүйе арқылы дәрігерлер туралы пікір оқып, кімге баратынын өзі таңдай алатындай жүйе құрғымыз келеді, — деді Біртанов журналистерге сейсенбіде.

Оның атап өтуінше, пациент біліктілігі жоғары маманға кезекке тұра ма, әлде рейтингі төмендеу, бірақ бос уақыты бар дәрігерге бара ма өзі таңдайтын болады.

“Бұл бағалаудың ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады. Әр пациент былайша айтқанда “лайк” қоятын болады. Бұл “жұлдызшалар” жүйеде көрініп отырады, ал қор осы жауаптардың қорытындысы бойынша қанша төлейтінін шешеді. Бұл кері байланыстың бір түрі”, — деп қосты министр.

Дәрігерлер рейтингін жасанды түрде қалыптастырмайды ма деген сұраққа, Біртанов, жақсы дәрігерлердің ол үшін уақыттары жоқ деп жасап берді.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандықтар қандай жағдайда УДЗ (УЗИ), рентген мен томографиядан тегін өте алады

Денсаулық министрі: Қазақстандықтар жылына екі рет емхана орнын ауыстыра алады

«Иегова куәгерлері» әжейге өлген соң марқұм ұлыңмен кездесесің деп үйін өз аттарына жаздырған

Алматыда қай көшелер бір бағытты болып өзгереді?

Талқылау