Қазақстанда букмекерлік кеңселер ойынға қатысушылардың жеке мәліметін салық органдарына беруге міндеттелмек
Елімізде букмекерлік кеңселер мен лотерея ұйымдастырушыларды әр ойын мен оның қатысушылары туралы барлық деректі Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) беруге міндеттемек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Simple
Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне мына мәліметтерді өткізуге тиіс:
- қатысушының ЖСН нөмірі;
- қатысушының ойын сессиясының басында салған сомасы;
- тіккен бәс мөлшері, нәтижесі;
- құмар ойынының немесе оқиғаның әр нәтижесіндегі бәстің есептелген ұтыстарының немесе ұтылыстарының сомасы;
- есептелген жеке табыс салығы;
- қатысушының төлеген ақшасы және ойын сессиясының соңында қалған сомасы.
Ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, алынған ақпараттың сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етеді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"