Қазақстанда биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы тойланады
Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов биылғы атаулы даталар жайында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Былтыр ғұлама ғалым, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, 2023 жылғы атаулы даталарды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет", - деді Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.
Үкімет басшысының орынбасары биылғы атаулы даталарға тоқталды.
"Биыл даңқты бабамыз, Ұлы Қолбасшысы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын, көрнекті мемлекет қайраткері, өнер саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығын атап өтеміз", - деді Алтай Көлгінов.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"