Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бидай мен ұн экспортына шектеу енгізілді

Ауыл шаруалышығы министрлігі елімізде бидай мен ұн экспортына шектеу енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бидай

Ауыл шаруашылығы министрінің 16 сәуірдегі №110 "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылады:

  • бидай мен меслинге – 1 млн тонна; 
  • бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна. 

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10%-ын белгіленген баға бойынша "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі (бидайдың тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады). 

"Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататыны туралы хабарлаймыз", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Талқылау