Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR-код қашан іске қосылатыны белгілі болды
Ұлттық төлем корпорациясының басшысы Бинұр Жәленов Қазақстанның барлық банктері үшін бірыңғай QR-код жүйесі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында енгізілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
2024 жылдың соңына қарай QR-код пилоттық режимде жұмыс істей бастайды.
"Биыл біз телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдарды, ал келесі жылдың бірінші жартысында бірыңғай QR мүмкіндігін қосамыз. Қазір жұмыс қызу жүріп жатыр", – деді Жәленов.
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов жүйені 2024 жылдың соңына дейін іске қосамыз деп уәде еткенімен, уақыты ауысты. Бұл жүйе 2022 жылдан бері талқыланып келеді. Бұл туралы бұрынғы сауда вице-министрі Әсел Жанасова да мәлімдеді.
Бірыңғай QR клиенттерге қай банкте қызмет көрсетілетініне қарамастан тауарлар мен қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, бұл бәсекелестіктің дамуына оң әсер етуге тиіс.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді