AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда барлық балабақша тәрбиешілеріне жеңілдікпен үй алу мүмкіндігін беру ұсынылды

Жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілеріне де жеңілдікпен баспана алу мүмкіндігін беру керек. Бұл туралы Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы Лейла Күленова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қауымдастық басшысының айтуынша, елімізде балабақшалардың тәрбиешілері үшін заңнамада біліктіліктеріне төлемдер мен үстемеақы қарастырылған. Алайда, бюджетте бұл мақсатқа қаражат қарастырылмайды.

"Әкімдік мемлекеттік балбақшаларға қаржыны жергілікті бюджеттен береді. Сондықтан да тәрбиешілер мемлекеттік балабақшаға жұмысқа тұру үшін барлық мүмкіндікті іздейді. Мұның үстіне олар жеңілдікпен пәтер ала алады. Ал біздің тәрбиешілерімізде ондай мүмкіндік те жоқ. Біздің де тәрбиешілерімізге тым болмаса жалдамалы пәтер, жеңілдікпен несие алу мүмкіндігі берілсе дұрыс болар еді. Оның қай жерде жұмыс істегенінің еш айырмашылығы жоқ қой", – деді Лейла Күленова.



Сонымен қатар қауымдастық өкілдері жекеменшік балабақша тәрбиешілерін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың тізіміне қосуды ұсынып отыр.

Айта кетсек, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне лицензиялау енгізу туралы ұсынысын орынсыз деп санайды, өйткені бұл халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мәселелерді шешпейді. Осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің пікірінше, бұл шара көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға ешқандай әсер етпейді, тек ШОБ үшін қосымша кедергілер тудырады, бұл бірқатар жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың жабылуына және көлеңкелі балабақшалар санының өсуіне әкелуі мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр