Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналарға жауап бермеуге рұқсат етілмек

Хабарлама
Фото: depositphotos.com

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің ата-аналармен кешкі сағат 18:00-ден кейін қарым-қатынасын шектеу мәселесін қарастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Журналистер министрден педагогтер кешкі уақытта ата-аналар чаттарындағы хабарламаларға жауап беруге міндетті ме және бұл үшін арнайы қызметкер қарастырыла ма деп сұрады.

"Біздің ұстанымымыз нақты: ата-аналар чаттарында сағат 18:00-ге дейін сұрақтар қоюға болады деп есептейміз. Ал 18:00-ден кейін әр мұғалімнің жеке өмірі бар және оны құрметтеу қажет", – деді Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, биыл "Педагог мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізіліп, онда мұғалімнің сабақ уақытындағы және сабақтан тыс уақыттағы міндеттері, сондай-ақ мектептегі және оқу процесіндегі жауапкершілігі нақты көрсетілген.

"Біз мұның барлығын заңнамалық тұрғыдан шектедік. Ал сағат 18:00-ден кейінгі уақытқа қатысты мәселені де ата-аналар қауымдастығымен бірге пысықтайтын боламыз", – деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына және қоғамдық іс-шараларға тартуға тыйым салған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 04 Қыркүйек, 2026 19:57