Қазақстанда балабақшалар қайта ашылады: Кімдерге балабақшаға баруға рұқсат беріледі
Қазақстанда балабақшалар өз қызметін бастайды. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Балаларды бақшаға қабылдау кезінде ата-анасының жұмыс істейтін, істемейтінін қадағаланбайтынын айтты ол.
"Балабақшалардағы кезекші сыныптар бойынша ата-аналары жұмыс істейтін немесе ата-аналары жұмыс жасамайтын балалар деп бөлмейміз. Бұл балабақша басшыларының құзіретінде болмақ", - дейді Есмағамбетова.
Карантин шараларын жеңілдету барысында кезекші сыныптар ашылып, барлық санитарлық талаптарға сай балабақшалар жұмыстарын жалғастырмақ (15 адамнан артық емес).
"Мектепке дейінгі мекемелерде талаптарды күшейттік. Арнайы талаптар енгізіп, бір балаға қанша шаршы метрден қарастырылуы керек екенін түсіндірдік. Тек режим сақталған жағдайда ғана рұқсат береміз. Тіпті алып келіп, алып кететін ата-аналардың өзіне талап қойылатын болады", - дейді Есмағмбетова.
Қазақстанда 17 тамыздан бастап қай нысандар жұмысын жалғастырады