Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік Астана мен Шымкентте қатты қымбаттаған

Қаңтарда инфляция 1,1 пайызды құрады. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

азық-түлік

Биыл  қаңтар айының қорытындысында инфляция 1,1 пайызды, оның ішінде азық-түлікке - 1,4, азық-түлік емес тауарларға - 0,9, ақылы қызметтерге 0,7 пайызды құрады. 

“Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында - 2,2, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8, Ақтөбе облысында – 1,7, Ұлытау облысында 1,5 пайыз болды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері 1,7 пайызды құрап отыр. Апталық динамика +0,3, +0,4 пайыз болып қалыптасуда", – деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин. 

Министрдің сөзінше,  жыл басынан бері ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау облысында – 3,4, Ұлытау облысында – 2,8 және Астана қаласында 2,5 пайыз деңгейінде байқалды.

"Тауарлар бөлінісінде жыл басынан бері ең жоғары өсім пиязға - 22,5, күрішке - 5,2, қырыққабатқа - 4,1, сүт және сәбізге - 3,1, картоп - 3, рожкиге 2,6 пайызды құрады", - деді Серік Жұманғарин.

Талқылау