Қазақстанда ауруханалар саны азая ма: Министрлік түсіндірді
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жыл басында салынады деп жоспарланған 18 жаңа ауруханаға қатысты айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ажар Ғиният журналистердің "Қазақстанда 40 ескі аурухананың орнына 18 жаңа аурухана салынатыны туралы хабарланған болатын. Ауруханалар салынып жатыр ма? Қазақстанда ауруханалар саны азая ма?" деген сұрағына жауап берді.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында вице-министр жаңа ауруханалардың іске қосылғанын жеткізді.
Тағы да жаңа медициналық мекемелердің салынуына қатысты жыл соңында нақты ақпарат жарияланатынын айтты ол.
"Бүгінгі таңда 18 жаңа аурухана салынды. Ауруханалардың көбі жаңа науқастарды қабылдап, коронавируспен күресіп жатыр. Жалпы ауруханалар жабыла ма деген сұрақ бойынша, жылдың аяғында медициналық статистикаға қарап болжам жасайтын боламыз", - дейді Ажар Ғиният.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті