Қазақстанда әуе және темір жол қатынасы шектеле ме?
Қазақстанда әуе рейстері мен теміржолмен тасымалдау шектелмейді. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі коронавирус жұқтырғандар шамадан тыс көбейіп, жүктеме болған жағдайда ғана сапарлар санын азайтуға болады.
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің сөзінше, Ведомствоаралық комиссияда кез келген шектеулер қаралады, талқыланады, содан кейін ғана оларды енгізу туралы шешім қабылданады.
Кез келген шектеулер денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктелген жағдайда ғана енгізіледі. Шекарада енгізілетін барлық шектеу шаралары, ең алдымен, кейбір жаңа штаммдардың және неғұрлым ауыр өтетін, жоғары деңгейде өлім-жітімді тудыратын штаммдардың сырттан әкелінбеуі үшін енгізіледі.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды