Қазақстанда атылған киіктер шетелге сатылмақ
Қазақстанда атылған киіктерді шетелге сату жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Ұсыныс авторы экология министрлігінің мәліметінше, киіктерді және мүйізін сату үшін халықаралық ұйымдардан рұқсат алу керек.
"Қазір халықаралық нарықта киікті, оның ішінде мүйізін коммерциялық пайдалануға нөлдік квота бар. Халықаралық сарапшылардың ұсыныстары бойынша министрлік киіктерді республикадан тыс жерлерге сату үшін квота алуға қажетті құжаттарды дайындап, CITES хатшылығының қарауына ұсынады", – делінген экология министрлігінің хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, әлі құжаттарды дайындау басталмаған, CITES конвенциясы сессиясының отырысы тек 2025 жылы өтеді екен.
Атылған ақбөкендердің мүйіздері сақтау үшін "Охотзоопром" РМҚК мамандандырылған ұйымының бас кеңсесіне жіберіледі.
"Өзімді қызбын деп шектеген емеспін": Қазақстандағы құтқару авиациясының жас ұшқышы қалай адамдарды құтқарып жүр
Ол – еліміздегі құтқару қызметінде тікұшақ басқаратын үш қыздың бірі
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан