Қазақстанда әскери өнім экспорты бір жылға тоқтатылды
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушылар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнім экспортын 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін тоқтата тұру туралы ұсынысын қараған.
Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдады.
Бұдан басқа, лицензиялары бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар талқыланды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды