Қазақстанда арзан қант ұсынатын алаяқтар пайда болды
Қазақстанда арзан қант ұсынатын алаяқтар пайда болды. OLX сауда сервисі қазақстандықтарға ескерту жасады. Сервис мәліметінше, мамыр айының басынан бері 878 аккаунт пен қант саудасын ұсынған 3000 хабарлама анықталып, бұғатталды.
Егер қант арзан бағада ұсынылса, әрі саудагер алдын ала төлем жасауды сұраса, демек сіз алаяққа тап болдыңыз. Күмәнді хабарламаларды анықтаған жағдайда, қазақстандықтар сервис әкімшілігіне жүгіне алады.
Орал тұрғындары алаяқтардың құрбаны болып үлгерген.
Қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрады
Айнабек: "2-3 күнде алып кетпесеңіздер соғысқа аттандыру басталып кетті"
"Өмірді жасқа қарап шектемеу керек": 73 жастағы қазақстандық зейнеткер шпагатқа отырып, басымен тұрады
Беліне ота жасатқаннан кейін спортқа бет бұрған Роза Бекмағамбетова бүгінде өзі де өзгелерді жаттықтырады