Қазақстанда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге рұқсат берілді
Қазақстан үкіметі жүргізушілердің армениялық көліктерді сатып алып, еліміздің аумағына әкеп пайдалануына қатысты қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағына Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктер 2020 жылдың 20 мамырынан бастап тіркеуге алынды.
Автокөліктерді уақытша тіркеу 0.25 АЕК-ні (694.5 теңге) құрайды.
Бұған қоса көлік жүргізушілері мемлекеттік нөмір мен техникалық байқаудан өткені туралы құжат үшін 2.8 АЕК (6 111,6 теңге) және 1.25 АЕК (4 167 теңге) төлеуі керек
Атап кетерлік жайт, тіркеу туралы құжатта көліктің уақытша тіркеуден өткені жазылмайды екен. Онда 18-ші аудан деп көрсетіледі. Бұған қоса осындай тіркеуден өткен темір тұлпарларды сатуға тыйым салынады.
Сондай-ақ азаматтар тіркелген көліктері үшін салықты Арменияда да, Қазақстанда да төлеу қажет болады. Ал автокөліктер техникалық бақылаудан міндетті түрде Қазақстаннан өткізілуі керек.