Қазақстанда әрбір сегізінші мектеп оқушысы кибербуллингке ұшырайды – Зерттеу
Қазақстанда әрбір мектеп жасындағы сегізінші бала кибербуллингке ұшырайды. Бұған HBSC ұйымының "Мектеп жасындағы балалардың денсаулық тәртібі" халықаралық зерттеуінің деректері дәлел. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зерттеу нәтижелерін 27 наурызда Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы таратқан.
"Жасөспірімдердің шамамен 11%-ы (9-дан 1-і) басқа адамдардың қорқытуына ұшыраған. Ұлдар (14%) қыздарға (8%) қарағанда кибербуллингке көбірек ұшыраған. Қазақстандық жасөспірімдердің 13%-ы (шамамен 8-ден 1-і) киберқорқытуды бастан өткерген, қыздарға (12%) қарағанда ұлдардың көрсеткігі (15%) жоғарырақ", – делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша негізгі деректер:
- Мектептегі қорқыту – орта есеппен 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 5%-ы мектепте қорқытуға тап болады. Бұл қыздарға (4%) қарағанда ұлдарда (6%) жиі кездеседі;
- Мектептегі қорқытудың құрбандары – жасөспірімдердің шамамен 7%-ы мектепте зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ұлдар мен қыздар арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ;
- Әлеуметтік теңсіздік – аз қамтылған отбасылардағы жасөспірімдермен салыстырғанда, табысы жоғары отбасылардан шыққан жасөспірімдер өздерінің құрдастары тарапынан қорқытуға және киберқорлауға көбірек ұшырайды;
- Физикалық төбелес – әрбір он үшінші жасөспірім физикалық соққы алған. Ұлдардың 12 пайызы, қыздардың 4 пайызы төбелеске қатысқан.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда кәмелетке толмаған балаға буллинг жасағаны үшін 110 мың теңгеге дейін айыппұл салу жоспарланып отырғаны туралы жазған едік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі