Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түнде бұтына жіберетінді шығарды": Талғарда мектептегі буллингтен өзіне суицид жасамақ болған баланың анасы мектептің немқұрайлылық танытқанына наразы

Талғарда 10 жастағы бала мектептегі буллингке шыдамай, қоштасу хатын жазып, өзіне қол салмақ болған. Оқушының анасы шара қабылдауды сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Баланың анасы мұны Немолчи қорына мәлімдеген

Он жасар бала мектептегі балалардың қысымына шыдамай, өзіне қол салу үшін бірнеше ацетил қышқылын ішкен. Анасының айтуынша, мектеп әкімшілігі шара қолданудың орнына сөзін елемей қойған.



"Баламды ұрып-соғып, теуіп кетеді. Балам үйге киімі жыртылып, шашы кесіліп келеді. Сынып жетекшісіне айтып, ескерткенмін. Ол "балалар солай ойнайды, бала ғой, татуласып кетеді" деп жылы жауып қойды”, – деді ана.

Айтуынша, бала қорлық эмоционалды соққы алған.

“Жақында тіпті дәретханаға апарып, жыныс мүшесінен тепкен. Кәмпитті унитазға салып, сосын соны баламның аузына тыққан. Осыдан соң түнде бұтына жіберіп қояды. Түнде қорқып, жылайды, “тиіспеңдер” деп айқайлайды”, – деді әйел.

Мектеп әкімшілігі жағдайға жауап бермеген. Әйелдің шағымынан кейін жиі тексеріс келетінін айтты.

Бұған дейін Алматы облысында төртінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланды. Анасы мектеп әкімшілігінің шу шығармас үшін оған 200 мың ұсынғанын айтты.

Талқылау