Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алиментті өндіру тәртібі өзгерді

Қазақстанда алимент өндіру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді жеке сот орындаушылары мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдау мерзімін соза алмайды, оның орнына алименттерді бірінші кезекте өндіріп алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

алимент

Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

27 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "атқарушылық іс жүргізу мен қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

"Қабылданған түзетулер арқылы жеке сот орындаушыларының алимент, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы өндіру туралы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттарды орындауының басымдығы бекітіледі", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін кейбір жеке сот орындаушылары мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мерзімін созған, оларды неғұрлым тартымды деп санаған.

"Енді, бір айдың ішінде мұндай сот ісін жүргізудің орындалмауы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыруға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторының жалақы төлеу туралы бұйрығына атқарушы құжат мәртебесі беріледі. Бұл шара жұмыс беруші құқықтары бұзылған азаматтарға жалақыны өндіріп алу мәселелерін тез шешуге, соттар мен сот шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді", - деп толықтырды ведомстводағылар.

Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң 2020 жылғы 8 шілдеде күшіне енді.

Талқылау